Ұлыбританияда теңіз жағасында демалып жүрген 130 адам уланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда теңіз жағасында демалып жүрген 130 адам уланды

28.08.2017

Ұлыбританияда 130-дан астам адам химиялық заттан уланып, госпитальге түсті. Бұл оқиға Англияның оңтүстігіндегі Шығыс Сассекс графтығында болды. Теңіз жағасында демалып жүрген адамдардың тынысы тарылып, көздері ашып, құсқылары келген.

Куәгерлердің сөзінше, химиялық бұлт теңізден жетті. Сол кезде ауада хлордың иісі сезілген. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына есік-терезелерін жауып, мүмкіндігінше далаға шықпауға кеңес берілді.

Бұған дейін Британияда атмосфера көрші Франциядағы зауыт-фабрикалардан тараған қалдықтардан ластанған.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу