Түркияда 928 адам мемлекеттік қызметтен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 928 адам мемлекеттік қызметтен босатылды

25.08.2017

Түркияда 930-ға жуық мемлекеттік қызметкер мен әскерилер жұмыстан босатылды. Олардың үкіметке қарсы ұйымдармен байланысы болса керек. Мұны осыдан бірер сағат бұрын «Анадолы» агенттігі хабарлады.

Қызметтен аластатылғандардың ішінде жаяу әскердің 100-ден астам офицері, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің 50 шақты маманы бар. Ал, күштік құрылымдар қатарына жаңадан 32 мың адам қабылданды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу