Олар еңбекақыны өсіруді, жұмыс істеуге жағдай жасауды талап етіп, білім реформасына наразылық көрсетіп жатыр. Демонстранттардың пікірінше, жаңа реформа мұғалімдердің құқықтарын қорғамайды.
Акцияға қатысу үшін ел астанасы Лимаға елдің түкпір-түкпірінен 300-дей білім саласының маманы келген. Олар күш біріктіріп, үкіметті өз талаптарына құлақ асуға үндеп отыр. 71 күнге ұласқан шеру кезінде мұғалімдер бірнеше рет полициямен қақтығысты.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ