Бұл науқан жексенбі күні басталды. Соңғы мәліметке қарағанда, көне шаһар маңындағы бірнеше ауыл экстремистерден босатылған. Сондай-ақ, армия «ДАИШ»-тың қала іргесіндегі майдан шебін бұзды.
Айта кетсек, Ирак әскері шиит еріктілері және күрд жасақтары Таль-Афарды радикалдық топ бақылауындағы аумақтан маусым айында бөліп алып, содан бері қоршауды ұстап тұр. Бұл әскери операцияның түпкі мақсаты – «ДАИШ»-қа біржола тойтарыс беру.
Арыстан РЫСБЕК