Непалда пілдер туристерді тасқыннан құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда пілдер туристерді тасқыннан құтқарды

14.08.2017

Алапат су тасқыны кезінде пілдер нағыз көмекші бола алады. Непалда алып жануарлар апат жайлаған аймақтан жүздеген туристі құтқаруға жәрдемдесті. Дәлірек айтсақ, олар джунгли-сафари саябағында қалып қойған саяхатшыларды аман-есен қауіпсіз жерлерге жеткізген.

Айта кетсек, Непалда бірнеше күн бойы тоқтаусыз жауған жаңбырдан 70 адам қаза тапты.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу