АҚШ вице-президенті: Батыс Балқанның болашағы – Батыста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ вице-президенті: Батыс Балқанның болашағы – Батыста

02.08.2017

Мұны бүгін Черногорияға сапарында АҚШ вице-президенті мәлімдеді. Майк Пенс бұл аймаққа Ресейге жақын орналасқан елдерді Американың қолдайтынын аңғарту үшін барып отыр. Бұған дейін Пенс Эстонияда болып, Балтық елдерін қорғауға уәде берді. Содан кейін ол Тбилисиге аттанып, НАТО-ның әскери жаттығуын тамашалап, Грузиямен де әрдайым бірге екенін жариялады. Сондай-ақ, Пенс Ресейді «тұрақсыздандыру әрекеттерін» тоқтатуға шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, Мәскеудің қарсылығына қарамастан, Черногория НАТО-ға биыл маусымда ғана қосылған еді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу