Түркияда әскери төңкеріс әрекеті үшін күдікті 500-ге жуық адам сот алдында жауап беріп жатыр. Олардың арасында генералдар, әскери ұшқыштар бар. Ұсталғандар былтыр шілденің 16-на қараған түні «Анкарадағы әскери базадан шабуыл жоспарлады» деп айыпталып отыр.
Бұған қоса, АҚШ-тағы діни уағызшы Фетхуллах Гүленді қоса алғанда барлығы 7 адам сырттай тергеліп жатыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ