Қытай Халық-азаттық армиясына - 90 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай Халық-азаттық армиясына - 90 жыл

01.08.2017

Қытай бейбітшілікті сүйеді. Бірақ, ол өз тәуелсіздігін қорғау жолында ешқашан мәмілеге бармайды. Мұны бүгін осы елдің президенті Си Цзиньпин Халық-азаттық армиясының 90-жылдығы салтанатында мәлімдеді. 
Бейжіңдегі Үлкен сарайда өткен жиында ол осынау ескертуді кімге жасағанын айтпады. 
Айта кетсек, бұл мемлекет бүгінде Оңтүстік және Шығыс Қытай теңіздерінде кейбір елдермен жер дауына ұрынып отыр. Сондай-ақ, Қытай қазір өзінің қарулы күштерін модернизациялауға күш салып жатыр. Бұл жоспар аясында армия соғыс ұшақтарымен, ұшақ тасушы кемелермен толығып, оның технологиясы жаңарып, жауынгерлер саны қысқартылады. Бірақ, ел төрағасының сөзінше, жаңарған әскер басқыншылыққа ешқашан ұмтылмақ емес.  
 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу