Барселонада пойыз апатынан 54 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барселонада пойыз апатынан 54 адам жараланды

28.07.2017

Испанияның Барселона қаласында төтенше жағдай. Француз вокзалының станциясында электр пойызы тоқтай алмай, платформаға соғылған. Апаттан темір жол көлігінің алдыңғы бөлігі майысып қалды.

Оқиға кезінде 20 адам ауруханаға түсті. Олардың машинистпен қоса алғанда бесеуінің халі мүшкіл. Барлығы 54 жолушы жараланған. Қаза тапқандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазір вокзалда жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу