Грузияның экс-президенті және Одессаның бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвили паспортын қалпына келтіріп, Киевке оралғысы келеді. Ондағы мақсаты – президент Петр Порошенкоға қарсы күресті жалғастыру.
Айта кетсек, сәрсенбі күні Порошенко Саакашвилиді Украина азаматтығынан айырды. Өйткені, елдің миграция қызметінің мәліметінше, грузиялық саясаткер төлқұжатты жалған жолмен алған. Саакашвили бұған дейін Украина үкіметін «демократиялық жолдан тайды» деп сынап, Порошенконы «билікті меншіктеп алды» деп айыптады. Сондай-ақ, ол оппозиция жағына өтіп, күзде Украина басшылығына қарсы ауқымды шеру ұйымдастырмақ болды.
Арыстан РЫСБЕК