АҚШ Конгресінің өкілдері палатасы Ресейге қарсы жаңа санкцияларды мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Конгресінің өкілдері палатасы Ресейге қарсы жаңа санкцияларды мақұлдады

26.07.2017

АҚШ Конгресінің өкілдері палатасы басым көпшілікпен Ресейге қарсы жаңа санкцияларды мақұлдады. Бұл құжатқа конгресмендердің 419-ы қолдап дауыс берсе, үшеуі ғана оған қарсылық білдірген. Демек, осы процедурадан кейін Ресей Құрама Штаттардың Иран мен Солтүстік Корея тәрізді сыртқы саяси қарсыласына айналып отыр.

Құжат - 184 беттен тұрады. Соның жартысы - Ресей хақында. Заңда Вашингтон Мәскеуді Украинадағы әрекеті мен АҚШ-қа кибершабуыл үшін айыптайды. Сонымен қатар, Америка Ресейді өзге елдердегі сайлауларға араласты, Сирия президентін қолдады, жемқорлыққа барды, адам құқықтарын бұзды деп те кінәлаған. Алайда, Кремль мұның бәрін жоққа шығарып, АҚШ-қа тура сондай жауап қайтаратынын ескертті.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу