Сириядағы шиеленіс талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сириядағы шиеленіс талқыланды

26.07.2017

Сириядағы шиеленісті шешуге Астана процесі сеп бола ала ма? Қазақстандық және ресейлік сарапшылар осы тақырыпта ой қозғап, пікірлерін айтты. Жиналғандар мұндай әлемдік деңгейдегі түйткілді мәселеге жас мемлекеттің араласуы жаңа бір леп беретініне үмітті. Сирияның жағдайын реттеуге қатысты Астанада өткізіліп жүрген жиындардың жемісі бола ма, жоқ па уақыт еншісінде. «Алайда, Қазақ елінің қадамы оның халықаралық аренадағы беделін тағы бір сатыға көтергені анық», - дейді ресейлік сарапшылар.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу