Мьянманың көп бөлігін су басты. 2 адам қаза тауып, 120 мыңдайы қауіпсіз жерге көшірілген. Бір өзен арнасынан тасып, буддистердің шіркеуі су астында қалды. Ғибадатханада тасқын кезінде тұрғындар жан сауғалап жүрген екен. «Қазір жағдай бақылауға алынғанымен, бәрі ауа райына байланысты»,- дейді жергілікті билік.
Мұндай апат жыл сайын қайталанатындықтан, тасқынмен күрес шаралары алдын-ала қамтамасыз етілді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ