Польшада сот жүйесіне қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польшада сот жүйесіне қарсы шеру өтті

19.07.2017

Польшада мыңдаған адам президент сарайы алдында сот жүйесіндегі реформаларға қарсы шерулетті. Бейбіт демонстранттар кейін парламент ғимаратына дейін барған.

Өткен сенбіде сенат депутаттары әділет жөніндегі кеңесті құру құқығын парламентке беруді құптаған еді. Алайда, оппозицияның пікірінше, бұл қадам сот билігінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді. Яғни, Жоғарғы сот Әділет министрлігіне бағынып, сот төрағаларын сайлауға Үкімтеттің ықпалы артуы мүмкін еді. Ауқымды шеруден кейін Польша президенті Анджей Дуда қоғамда қарама-қайшылық тудырған заңға қол қоюдан бас тартты.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу