Түркия министрлер кабинеті Парламентке елдегі төтенше жағдай режимі мерзімін тағы 3 айға созу туралы ұсыныс жіберді. Мұны бүгін Премьер-министр Бинали Йылдырымның кеңсесі хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, Түркияда мұндай тәртіп былтырғы сәтсіз әскери төңкерістен кейін енгізілді. Содан бергі бір жылда 50 мыңнан астам адам тұтқындалып, 150 мыңдайы жұмыстан аластатылды.
Халықаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, түрік Парламенті Үкіметтен жеткен ұсынысты көпшілік дауыспен мақұлдайды.
Арыстан РЫСБЕК