«ДАИШ» лидері Әбу Бәкір әл-Бағдади тірі болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» лидері Әбу Бәкір әл-Бағдади тірі болуы мүмкін

17.07.2017

«ДАИШ» лидері Әбу Бәкір әл-Бағдади тірі болуы мүмкін. Және де ол Сирияның Ракка қаласының оңтүстігінде жасырынып жүрсе керек. Мұны 99 пайыз сеніммен Ирак күрдтерінің терроризммен күрес жөніндегі жоғары лауазымды өкілі Лахур Талабани «Рейтер» агенттігіне берген сұқбатында мәлімдеді. 

Өткен айдың ортасында әл-Бағдадидің мерт болғанын Ресей әскерилері хабарлады. Бірақ, кейіннен бұл ақпараттың растығына АҚШ пен Ирактың арнайы қызметтері күмән келтірген еді.

Айта кетсек, Америка Құрама Штаттары әл-Бағдадидің басына 25 миллион доллар тігіп отыр.

  

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу