Борис Немцовты өлтірді деп айыпталған Заур Дадаев 20 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Борис Немцовты өлтірді деп айыпталған Заур Дадаев 20 жылға сотталды

13.07.2017

«Ресейде оппозиция көшбасшыларының бірі болған Борис Немцовты өлтірді» деп айыпталған Заур Дадаев 20 жылға сотталды. Ал, оның төрт сыбайласы 11 жылдан 19 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылды. Немцовқа 2015 жылы ақпанның 27-де Кремльдің іргесіндегі көпірдің үстімен дос қызымен бірге өтіп бара жатқан кезінде қастандық жасалып, өлтірілді. 55 жастағы саясаткер сол кезде Ресейдің Украина жанжалындағы рөлі туралы баяндама жасауға әзірленіп жүрген.

Тергеушілердің дерегіне жүгінсек, Дадаев Немцовқа кемінде 6 рет оқ атқан. Дегенмен, оның адвокатына сенсек, сотталушының мұндай ауыр қылмысқа бармағанын айғақтайтын бұлжымас дәлелдер бар. Ал, марқұмның үзеңгілестері бұл ауыр қылмысқа тапсырыс бергендер әлі бостандықта жүр деп есептейді.

 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу