Шілденің 14-де Францияда Бастилия қамалын алу мерекесі тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шілденің 14-де Францияда Бастилия қамалын алу мерекесі тойланады

13.07.2017

Осыған орай Парижде қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. Ұлттық мейрамға қатысу үшін Франция астанасына АҚШ президенті Дональд Трамп жұбайы Меланиямен және Германия канцлері Ангела Меркель барды.

Бұған қоса, Құрама Штаттардың Бірінші дүниежүзілік соғысқа қосылғанына 100 жыл толуы да осы мерекемен тұспа-тұс келіп тұр. Парижде бұл дата да аталып өтеді. Ал, бүгін лауазымды тұлғалар қорғаныс, қауіпсіздік бойынша ынтымақ, білім, мәдениет, экономика және өзге де мәселелерді талқылайды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу