Бразилияның экс-президенті 9,5 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияның экс-президенті 9,5 жылға сотталды

13.07.2017

Бразилия соты елдің бұрынғы басшысы Лула да Силваға коррупция үшін айып тағып, оны 9,5 жылға соттады. Экс-президент пен жұбайы Гуаружа курорттық қаласында пентхаусы бар екенін жасырып, ОАS құрылыс компаниясынан 748 мың долларға жуық пара алған. Бірақ, Луланың өзі «мұның бәрін жоққа шығарып, қылмыстық істі саяси оппоненттері әдейі ойлап тапты», - деп есептейді.

Лула да Силва 2 рет президент болып, елін 2003-2010 жылдар аралығында басқарды. Сондай-ақ, ол билікте отырғанда халықтың үлкен ықыласына бөленді. 7 жыл бұрын Луланың орнын Жұмысшы партиясындағы ізбасары Дилма Русеф басты. Бірақ, Русеф бюджет заңын бұзғаны үшін былтыр тамызда президенттіктен аластатылды.

 

Арыстан РЫСБЕК 

Хабарламаларға жазылу