Жаңа Зеландияда бүгін күшті жел соғып, қар аралас жаңбыр жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландияда бүгін күшті жел соғып, қар аралас жаңбыр жауды

13.07.2017

Оның екпінінен электр желілері үзіліп, 10 мыңдай баспана жарықсыз отыр. Жел сағатына 160 шақырым жылдамдықпен соғып, теңізде алып толқын көтерілген. Осыған орай, бірнеше басты көлік жолы жабылып, кеме қатынасы тоқтады. Ал, ауа райы мамандары тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беріп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу