Сирияның оңтүстік-батысында атысты тоқтату туралы келісім  күшіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның оңтүстік-батысында атысты тоқтату туралы келісім  күшіне енді

10.07.2017

Сирияның оңтүстік-батысында уақытша ымыра күшіне енді. Атысты тоқтату режимін енгізу Гамбургте «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммитінде құпталған еді. Бұл бітім – Араб Республикасындағы азаматтық соғысты аяқтауға маңызды қадам деп есептелініп отыр. Оған сай, Сирияның Израиль және Иорданиямен шекарасындағы әскери қимылдары тоқтатылуы тиіс. Атыс доғарылған аймақтарға Дераа, Әл-Кунейтра мен Сувейда аудандары кіреді. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу