Соңғы мәліметтерге қарағанда, кемінде 6 адам қаза тауып, 22-сі жоғалып кетті. 400 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерлерге көшіріліген. Көптеген жолдар бұзылып, үйлер мен ағаштар құлап, машиналар аударылып қалды.
Тасқыннан, әсіресе, Кюсю аралындағы Фукуока және Оита префектуралары көп зардап шекті. Апат жайлаған аудандардағы халықты құтқаруға 12 мыңнан астам полицей мен жауынгер және балықшылар жұмылдырылды. Олар 500-дей адамды эвакуациялады.
Ал, Қытайдың оңтүстігінде дәл осындай апаттан қаза тапқандар саны 40-тан асты. 815 мың адам көшіріліп, 44 тұрғын жоғалып кеткен.
Арыстан РЫСБЕК