АҚШ-тың Аризона штатында төтенше жағдай жарияланды. Алапат орман өрті кесірінен қауіпті аудандардан жүздеген адам көшірілді. Тілсіз жау бірнеше баспананы қиратқан.
Оттың тез тарауына әдеттегіден тыс құрғақ әрі ыстық ауа райы себеп. Мұнда сынап бағанасы +50 градусты көрсетіп тұр.