Біріккен Ұлттар ұйымының ЮНИСЕФ қоры Йеменге тырысқаққа қарсы 36 млн. тонна дәрі-дәрмек және суды тазартуға арналған 10 миллион препарат жіберді. Бұл елде безгек індеті сәуірдің соңынан бері өршіп тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ауру 1400-дей адамның өмірін қиған. Ал, қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың саны - 218 мың. Үкімет пен көтерілісшілер арасындағы 2 жылға созылған қарулы қақтығыс елдің медициналық инфрақұрылымын қиратты. Құбыр суын тазарту жүйесі де істен шыққан. Йемендегі тырысқақ індеті «адамзаттың тарихындағы ең жойқын эпидемия» атанып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ