Екі тарап та «бірін-бірі өз аумағына өтіп кетті» деп айыптап отыр. Дәлірек айтсақ, басында Үндістан Қытай әскерилерін Дока-Ла өткелі маңындағы аумағына кірді деп айыптады. Кейін Қытай жағы «Үндістанның шекара күзеті қызметкерлерін Сиккима ауданына өтті» деп мәлімдеп, олардың тез арада шығуын талап етті. 2 мемлекет арасындағы шекарада 1962 жылы қарулы қақтығыс болған еді. Жер дауы әлі уақытқа дейін шешілмей келеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ