Еурокомиссия «Google» компаниясына 2 млрд. 420 млн. еуро айыппұл салды. «Америкалық корпорация ЕуроОдақтың монополияға қарсы заңын бұзды» деп айыпталып отыр. Атап айтқанда, «Google» өзге іздеу жүйелерін бәсекелесу мүмкіндігінен айырған. Мәселен, тұтынушылар тауарды онлайн іздеген кезде компания өзінің «Google Shopping» қызмет көрсету жүйесіне артықшылық беріп отырған. Соның арқасында оның Ұлыбритания, Германия, Франция және тағы бірнеше елде тұтынушылар саны артты. Ал, өзге бәсекелес компаниялардың белсенділігі бәсеңдеді. Дегенмен, «Google» өзінің заңсыз деп танылған әрекетін 90 күн ішінде тоқтатса, айыппұл төлеуден босатылады. Ал, компания Еурокомиссияның шешімімен келіспейтінін мәлімдеді. Еурокомиссия «Google»-ге қарсы істі 2010 жылы «Microsoft» корпорациясынан түскен шағымнан кейін тергей бастады.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ