Бұл расталса Ақ үй Башар Асад пен оның әскері жазасын тартады деп ескертіп отыр. Трамп әкімшілігінің байқауынша, Сирия режимі сәуірдің 4-де Хан-Шейхунға жасалған химиялық шабуыл алдындағы дайындықты қайталап жатқанға ұқсайды. Сол кезде көтерілісшілер бақылауындағы ауданда қауіпті газбен 87 адам уланып, жан тапсырған еді. Құрбандардың арасында балалар көп болды. Сирия оппозициясы сол шабуыл үшін үкіметтік күштерді айыптады. Алайда, Асад бұл қылмысқа өз әскерінің қатысы жоқ деп мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ