Моңғолияда дүйсенбіде өткен президенттік сайлаудың бірінші турында жеңімпаз анықталған жоқ. Сондықтан, шілденің 9-да басты саяси бәсекенің екінші туры өтеді. Сайлауда үш кандидат бақ сынап жатыр. Олардың бірі – Моңғолия халықтық партиясының өкілі Мегомбо Энхболд, екіншісі - оппозициялық Демократиялық партия лидері Халтма Баттулга, соңғысы – Моңғолия халықтық-демократиялық партиядан кандидат Сайнхуугийн Ганбаатар. Ал, президенттік сайыстың өтуін қадағалаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сайлау әділ өткенімен, оның барысында қандай да бір олқылықтар болды деп мәлімдеді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ