Бразилия президенті Мишел Темер  пара алды деп айыпталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия президенті Мишел Темер  пара алды деп айыпталды

27.06.2017

Мемлекет басшысына мұндай кінәні елдің бас прокуроры Родриго Жанот тақты. Темерді ресми түрде айыптап, сот ісін бастау үшін  Жоғарғы соттың келісімі қажет. Парламенттің төменгі палатасының да шешімі есепке алынады. Депутаттардың үштен бірі бас прокурорды қолдаса ғана Темер коррупция үшін кінәлі болып шығады. Дегенмен, саясаттанушылардың пікірінше, заң шығарушылардың көбі президентті қолдайды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу