Минск келісімін толыққанды орындамағаны үшін Еуроодақ Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды тағы 6 айға ұзартады. Одаққа мүше елдердің басшылары мұндай шешімді Брюссельде өтіп жатқан саммиттің алғашқы күнінде қабылдады.
Сондай-ақ, осы отырыста Одақ елдері қорғаныс саласында ынтымақты арттырып, содырлармен, лаңкестермен күресте күш біріктіруге уағдаласты. Мүше мемлекеттер алдағы үш айда әскери құрылымдарды жаңғыртуға бағытталған тың ұсыныстар мен міндеттемелерді бекітуі тиіс.
Нұрсұлу ҚАСЫМ