Ұлыбританияда ондаған ұл мектепке белдемше киіп барған. Осы арқылы оқушылар мектеп әкімшілігінің аптап ыстықта шолақ шалбар киюге тыйым салуына қарсы шыққан. Оқиға Эксетер қаласында болды. Басында 5 бала белдемше кисе, кейін флешмобқа тағы 45 бала қосылған. Бұл оқиғадан кейін мектеп директоры ыстық ауа райы кезінде оқушылардың формасына қатысты ережелерді қайта қарауға уәде берді.
Айта кету керек, Ұлыбританияда соңғы кездері күн шыжып тұр. Мұнда сынап бағанасы 32 градусқа дейін көтерілді.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ