Португалия өрттен 62 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалия өрттен 62 адам қаза тапты

19.06.2017

Португалияда алапат орман өртінен 50 адам жараланып, 62-і мерт болды. Тілсіз жау Лиссабоннан 200 шақырымдағы Педроган-Гранди орманында әлі де қаулап жатыр. Мерт болғандардың көбі от шарпыған жолдарда өз көліктерінде өртеніп кеткен. Жалынмен  500 өрт сөндіруші, 160 арнайы техника күресіп жатыр. Әзірге оттың неден тұтанғаны белісіз. Ал, жалынның тез таралуына құрғақ, ыстық ауа-райы себеп болса керек. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу