Сонымен бірге 30 шақты адам жараланған. Құрбандардың көбі – жастар мен шетелдіктер. Қайғылы оқиға мейрамханада болды. Бұдан өзге, шабуылшылар ресторан маңындағы қонақ үйде 20 кісіні кепілдікке алған.
Қазір полицейлер тек он адамды босатқан. Шабуылшылар әскери форма киіп алып, ғимараттағы жарықты сөндіріп тастаған. Оқиға үшін жауапкершілікті «Аш-Шабаб» ұйымы мойнына алды. Бұл топ 2004 жылы Сомалиде құрылған еді. Оны «Әл-Каида» қаржыландырады. Сол кезден бері содырлар көліктерге бомба қойып, жиі жарылыс ұйымдастырып келеді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ