9-шы мемлекет Катармен байланысты үзді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

9-шы мемлекет Катармен байланысты үзді

07.06.2017

Маврикий 9-шы болып Катармен байланысты үзді. Жергілікті БАҚ мұны Доханың террористік ұйымдарды қолдауы және экстремистік идеологияны насихаттауымен байланыстырады. Дәл осындай айыппен Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Йемен, Мальдив аралдары және Ливия Катармен дипломатиялық қатынастарды тоқтатты.  Катар азаматтары аталған елдерден екі апта ішінде шығуы тиіс. Бұған қоса, 9 мемлекеттің әуе кеңістігі катарлық ұшақтар үшін жабылды. Иордания болса, жергілікті «Әл-Жазира» телеарнасының кеңсесін жауып, өзінің Дохадағы дипломатиялық өкілдігінің деңгейін төмендетті. Араб мемлекеттері Катарды қарулы радикалдық топтарды қолдап жүр деп күдіктенеді. Бұған қоса, Сауд Арабиясына Доханың Тегеранмен байланыстары ұнамайды. Әлемнің көптеген мемлекеттері Парсы шығанағындағы шиеленісті бейбіт жолмен реттеуге үндеп отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу