Шри-Ланкада су тасқыны мен лай көшкінінен көз жұмғандар саны 177-ге жетті. 100-ден аса тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар болса үйінділер астынан адамдардың мәйітін әлі де алып шығуда. Табиғи апаттан 48 мың үй қирап қалды. 500 мың тұрғын баспанасынан айырылып, қауіпсіз жерлерге көшірілді. Кеше ел президенті ең көп зардап шеккен аймаққа барып, алдағы уақытта халықты жаңа үймен қамтамасыз етіп, қолдау білдіретінін айтты. Қытай апатқа байланысты 2 миллион доллар қаржылай көмек көрсетпек. Мамандар «тасқын мен көшкіннен кейін енді түрлі ауру тарап, халықты тағы да қасірет күтуі мүмкін»,- дейді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ