Астрахань облысындағы қандастарымыз алғаш рет «Жайлау той» мейрамын  атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астрахань облысындағы қандастарымыз алғаш рет «Жайлау той» мейрамын  атап өтті

24.05.2017

Ресей Федерациясының Астрахань облысындағы қандастарымыз алғаш рет «Жайлау той» мейрамын  атап өтті. Қыстан аман шыққан ел, арқа-жарқа болып, көктемнің жайма шуақ күнінде  мерекені сән салтанатымен атап өтті.  Жалпы, Астрахань өңірінде 130-дан аса ұлт өкілі тұрады.  Халық санының 17 пайызы - қазақтар. Олардың көп шоғырланған жері Алтынжар ауылы.  Осы ауылда тойланған  ауқымды шарада қазақтың салт-дәстүрі ұлықталды. Ақ шаңқан киіз үй тігіліп, оны құрастырудың әдіс-тәсілі көрсетілді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар ұлттық тағам - бауырсақ пісіруден сайысқа түсті. 

Хабарламаларға жазылу