Түркия елінде президент Реджеп Тайып Ердоғанның билігі күшейді. Бүгін ол «Ак парти» немесе Әділет және даму партиясының төрағасы болып сайланды. Оған депутаттардың 95 пайызы оң дауыс беріпті. Осылайша ол премьер-министр Бинали Йылдырымның орнын ауыстырды. Сондай-ақ, бұл лауазымға жалғыз оның кандидатурасы ұсынылған.
Айта кетейік, сәуірдің 16-да Түркияда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өткен еді. Оның нәтижесі бойынша Түркия парламенттік республикадан президенттік республикаға ауыспақ.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ