Францияның Ақпараттық технологиялар және бостандық жөніндегі Ұлттық комиссиясы «Фейсбук» желісіне 150 мың еуро айыппұл салды. Себебі, аталмыш әлеуметтік желі адамдардың жеке парақшаларын жарнама үшін пайдаланған. Бұған қоса, «Фейсбук» желі қолданушыларының іздеген адамдарын бақылап отырған. Комиссия бұған дейін де «Фейсбук» компаниясына ескертулер жасаған екен. Алайда компания бұған қатысты қажетті шараларды қолданбапты. Айта кетейік, бүгінде «Фейсбук» желісін қолданушыларының саны әлем бойынша 2 миллиардқа жақындап қалды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ