Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Дональд Трамппен кездесу үшін Америкаға арнайы барды. Өткен аптада Трамп Сирияда «ДАИШ»-қа қарсы күресіп жүрген күрд жасақтарын қаруландыратынын мәлімдеген. Осылайша, Пентагон Раккадан экстремистерді ығыстыратын жалғыз күш деп оларға сенім артып отыр. Түрік президенті Трамптың осы жоспарын іске асырмауға барынша ықпал жасамақ. Себебі, Анкара күрд жасақтарын «Террорлық топ» деп есептейді. Сондай-ақ, олардың күшеюі Түркиядағы күрдтер арасында сепаратистік қозғалыстарға бастау береді деп қауіптенеді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ