Сирияның Табка қаласы радикалдардан толық азат етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның Табка қаласы радикалдардан толық азат етілді

12.05.2017

Сирияның стратегиялық маңызы бар Табка қаласы радикалдардан толық азат етілді. Сондай-ақ, өңірдегі бөгет те биліктің бақылауына алынды. Бірнеше күн бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы сол бөгетке зақым келсе, аймақты су басады деп ескерткен еді. Жалпы, Табка үшін шайқас бірнеше аптаға созылды. Ресми мәліметтерге қарағанда, Сирия әскері соңғы 2 жыл ішінде содырлардан 6 мың шаршы шақырым аумақты қайта бақылауына алған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу