Франсуа Олланд Францияның президенті ретінде соңғы рет министрлер кабинетін жинады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франсуа Олланд Францияның президенті ретінде соңғы рет министрлер кабинетін жинады

10.05.2017

Франсуа Олланд Францияның президенті ретінде соңғы рет министрлер кабинетін жинады. 62 жастағы Олландтың мемлекет басшылығындағы  5 жылдық қызметі осымен аяқталды. Ертең жаңадан сайланған басшы Эммануэль Макронға  билікті өткізбек. Ал Макронның ресми түрде ел басқаруға  кірісуі мамырдың 14-нен басталады. Естеріңізге салсақ, дүйсенбіде француздар Елисей сарайының жаңа қожайынын таңдаған еді. Оның нәтижесі бойынша, Макрон халықтың 66 пайыз қолдауына ие болды.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу