Электромобильдер шығаратын «Тесла» компаниясының табысы екі еселенді. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында бұл концерн 25 мың автомобиль шығарыпты. Осылайша, компанияға келген табыс өткен жылмен салыстырғанда 1,5 миллиард долларға артқан. Сонымен қатар, биыл өндіріс көлемі де 70 пайызға жоғарылаған. «Мұндай машиналарға сұраныс өте жоғары»,- дейді компания басшылығы. Бүгінде көліктердің қауіпсіздік пен жайлылық функцияларын одан әрі жақсарту жұмыстары атқарылып жатыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ