Франция президенттігіне кандидат Марин Ле Пен плагиат үшін айыпталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция президенттігіне кандидат Марин Ле Пен плагиат үшін айыпталды

02.05.2017

Дәлірек айтсақ, ол өзінің қарсыласы болған Франсуа Фийонның халық алдында сөйлеген сөздерін қайталаған. Алайда, Ле Пен «бұл плагиат емес, цитата болды», деп ақталуда. Жергілікті «Либерейшн» газетінің хабарлауынша, Ле Пен сайлауалды шараларында Фийонның ғана емес, Клемансо, Мальро сынды жазушылардың да мәтіндерін қолданыпты. Кейбір сарапшылар «Ле Пен мұндай әрекетті Фийонның жақтастарын өзіне тарту үшін жасады», деген пікірде. 

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу