2014 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 5,8 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылды. Басты инвесторлар – Нидерланд, АҚШ, Қытай, Швеция, Ресей және Бельгия.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша инвестицияның ең қомақты көлемі тау-кен өндірісі өнеркәсібі мен карьерлерді пайдалануға бағытталған. Одан кейін кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер. Көрсеткіш көтерме және бөлшек саудаға, автомобильдерді жөндеумен жалғасады.
Саламат ОМАШ