«Ұлттық майдан» партиясына қарсы шеру  тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлттық майдан» партиясына қарсы шеру  тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты

02.05.2017

Франция астанасында президенттікке кандидат Марин Ле Пеннің «Ұлттық майдан» партиясына қарсы шеру  тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Полицияның мәліметінше, бетперде киген адамдар оларға жанғыш зат құйылған бөтелкелер лақтырған. Одан үш полиция қызметкері жапа шекті. Тәртіп сақшылары шерушілерге қарсы газ қаруын қолданды. Одан нақты қанша демонстранттың жапа шеккені белгісіз. 1-мамыр күні Париждегі қауіпсіздікті бақылауға 9 мыңдай полиция қызметкері тартылған. Қалада жексенбіде өтетін президенттік сайлаудың екінші турына орай қауіпсіздік барынша күшейтілген.  

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу