Түркияның барлық 81 провинциясында былтырғы сәтсіз төңкеріске байланысты күдіктілерді тұтқындау операциясы жүргізіліп жатыр. Бүгін түскен мәліметтерге қарағанда, полицейлер қатарынан мыңнан астам «құпия имам» қолға түскен. Сонымен қатар, 3200-дей адамды тұтқындауға ордер берілді. Олар АҚШ-та тұратын діни уағызшы Фетхуллах Гүленмен байланысты деген күдік бар. Алайда, Гүленнің өзі төңкеріс әрекетіне қатысы жоқтығын айтып келеді.
Өткен жылы шілдеде болған оқиғадан кейін Түркияда 120 мың адам жұмыстан аластатылып, 40 мыңдайы түрмеге қамалды.
Арыстан РЫСБЕК