Мексикада есірткі саудасымен айналысатындардың арасындағы қақтығыстар көбіне-көп адам өлімімен аяқталады. Қылмыстың алдын алу жөніндегі ұйымның мәліметі бойынша, биыл өлім жазасы 70 пайызға, адам өлтіру фактісі 30 пайызға артқан. Елде әр 1000 адамның 20-ы өлтіріледі. Қылмыс көбейген аймақтар – есірткі саудасы жайлаған аудандар. Оның ішінде Тамаулипас, Герреро сынды шекарадағы штаттар бар. Тек соңғы аптада Мексикада 20 адамның мәйіті табылған. Өзге ақпараттар бойынша, бұл елде 2006 жылдан бері есірткі бизнесі төңірегінде 150 мың адам қайтыс болған.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ