Францияда өткен президенттік сайлаудың І-ші турында Эммануэль Макрон жеңіске жетті. Әлем баспасөзі оның екінші кезеңде де басым түсіп, Елисей сарайының жаңа қожайыны атанатындығына күмән келтірмей отыр. Сондықтан болар, центрист Макронды мемлекет басшысы Франсуа Олланд қана емес, Германия мен Еуропа одағы да құттықтап үлгерді.
Мамырдың 7-де Макрон «Ұлттық майдан» партиясының лидері Марин Ле Пенмен бәсекеге түседі. Ал социалист және оңшыл-центрист кандидат Франция тарихында алғаш рет келесі кезеңге жете алмады. Биыл 40-қа толатын Макронда Франция тарихында ең жас президент атануға мүмкіндік бар. Осы уақытқа дейін ол депутат болып немесе сайлау кампанияларына қатысып көрмеген. 2014 жылдан бастап екі жыл экономика министрі қызметін атқарды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ