Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуге шақырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуге шақырмақ

18.04.2017

Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй күтпеген мәлімдеме жасады. Ол қауымдар палатасын маусымның 8-де мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуге шақырмақ.  Өйткені, қазіргі парламент корольдікті Еуропа одағынан шығаруға кедергі жасап отыр.

Айта кетсек, осыған дейінгі мәлімдемесінде  Мэй 2020 жылға дейін  сайлау өткізбейміз деп айтқан-ды. Бірақ, оппозициялық Лейбористік партия, Шотланд ұлттық партиясы және Либерал-демократтар «Брексит» туралы қорытынды келісімге қарсы дауыс беретіндіктерін ескертіп отыр.

Британ парламенті Мэйдің сайлау өткізу туралы ұсынысын ертеңгі күні дауысқа салады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу