Сирияның 4 қаласынан ондаған мың адамды көшіру операциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның 4 қаласынан ондаған мың адамды көшіру операциясы басталды

14.04.2017

Келісім бойынша, үкімет әскері қоршап алған аудандардағы сүнниттер оппозиция қарамағындағы елді мекендерге кетеді. Ал, оппозиция бақылауындағы шииттер  үкімет жағына өтуі тиіс.

Бүгін түскен мәліметке қарағанда, Алеппо маңындағы екі қаладан 5 мың адам 75 автобуспен билік жағына өтті. Ал, Дамаск жанындағы аудандардан оппозицияға жақтас 2300-ден астам тұрғын эвакуацияланған.

 

Арыстан РЫСБЕК

 

Хабарламаларға жазылу